Таразда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

14 Қазан 2022, 16:58
1270
Бөлісу:
Таразда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

Таразда 14 қазанда әуежайда «Дабыл-Антитеррор-2022» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуежай аймағында да көліктердің қозғалысы шектеледі.

Сағат 09:00-де «Әулие-Ата» әуежайында Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы «Дабыл-Антитеррор-2022» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізуде.

Штабта атап өтілгендей, іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісіне тосқауыл қою, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және жою міндеттерін орындау бойынша практикалық дағдыларын дамыту.

Жаттығу әртүрлі күрделікті элементтері бар жағдайлармен күресуге мүмкіндігінше жақын, – деді Жамбыл облыстық терроризмге қарсы жедел штабтан.

Өзгелердің жаңалығы