Таразда күзгі екі айлық сенбілікте 1811 тонна қоқыс шығарылды

30 Қазан 2022, 07:39
1033
Бөлісу:
Таразда күзгі екі айлық сенбілікте 1811 тонна қоқыс шығарылды

Жалпы 1 қыркүйек пен 29 қазан аралығында 9 рет сенбілік ұйымдастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Шаһар тазалығына 38123 адам қатысты.

Қала аумағынан осы аралықта 1811 тонна қоқыс шығарылды. Өңірдегі тазалық жұмыстарына 99 арнайы көлік жұмылдырылды.             

Бүгінгі сенбілікке де 4306 адам қатысып, 186 тонна қоқыс шығарды.   

Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, шаһар тұрғындары, кәсіпкерлер жаппай атсалысты.        Ұйымдастырушылар тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады дейді

Өзгелердің жаңалығы