Таразда «Көрікті аула» байқауы басталды

31 Наурыз 2023, 23:47
930
Бөлісу:
Таразда «Көрікті аула» байқауы басталды
Фото: egemen.kz

Таразда «Көрікті аула» байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Байқау «Жасыл желек – жердің көркі» қалалық жобасы аясында ұйымдастырылған.

Байқауға қаланың 11 аумағы толық қатыса алады.
Байқауға қатысатындарға белгіленген өлшемдер:
- ауланың тазалығы мен абаттандырылуы;
- арық жүйелерінің жай-күйі;
- тал-дарақтардың егілуі, қырқылуы, гүлзарлардың егілуі;
- түнгі жарықпен қамтылуы;
- спорт және балалар ойын алаңшасының жағдайы;
- көркейтуге меценаттардың тартылуы.

Байқау қаланы көріктендіру, абаттандыруға арналған.

Өзгелердің жаңалығы