Таразда қаскөй кафеден шыққан ер адамның жүрегіне пышақ сұғып алған

19 Тамыз 2021, 20:48
8921
Бөлісу:
Таразда қаскөй кафеден шыққан ер адамның жүрегіне пышақ сұғып алған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда кафе алдында тұрғынды пышақтап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Ағымдағы жылдың 15 тамызында сағат 21:30 минут шамасында Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны Тараз қаласының кафелерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, сол кафеден шығып бара жатқан ер азаматқа, бұзақылық ниетпен тиісіп, жанжал шығарған. 


Cалдарынан күдікті жәбірленушінің жүрегіне пышақпен шаншып, кесілген дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.   

Алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші Тараз қаласының ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. 

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ізін суытпай ұсталды. Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабымен, яғни адам өлтіруге оқталумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылып, тергеу судьясымен санкцияланды, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы