Тараздың мөлтек аудандарының бірінде 51 жастағы ер адам тұрғын үйдің балконынан секіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция оқиғаны растады.
Тараз қаласында мөлтек ауданның біріндегі тұрғын үйдің 5-ші қабатынан ер адамның құлап, қайтыс болуы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Тараз көшесінде атпен шапқан бала көлікке соғылғаны хабарланды.
Сондай-ақ, мысықты құтқармақ болған павлодарлық ағаштан құлап, қаза тапты.