Атырау облысында зейнетке шыққан мұғалімдерге 7,2 млн теңге өтемақы төленді

Атырау облысының прокуратурасы білім беру саласындағы зейнеткерлердің еңбек құқықтарын қорғады.

Бүгiн 2026, 14:21
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 14:21
Бүгiн 2026, 14:21
514
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Атырау облысында зейнетке шыққан мұғалімдерге 7,2 млн теңге өтемақы төленді.

Қадағалау органымен жергілікті білім беру ұйымдарының басшылықтары тарапынан заңды мүдделері ескерілмеген білім беру саласындағы зейнеткерлердің еңбек құқықтарын қорғау шаралары қабылданды.

Нәтижесінде, Исатай ауданындағы білім беру ұйымдарының педагогтері мен мектепке дейінгі ұйымдардың жүзге жуық қызметкеріне зейнеткерлікке шығуына байланысты заңнамада көзделген әлеуметтік төлемдер төленді. Зейнеткерлікке шығуына байланысты еңбек шарттары тоқтатылған бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне жалпы сомасы 7,2 млн теңгеден асатын заңнамада көзделген міндетті өтемақы төлемдері төленбеген. Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде аталған зейнеткерлерге тиесілі ақшалай қаражаттар толық көлемде аударылып, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Еңбекақы төлеу саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 7 тұлға ҚР ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында айлық алмаған педагогтердің құқығы қалпына келтірілді. Олардың 487 млн теңге жалақы қарызы өтелді.

Тағы оқи отырыңыздар:

17,5 млн теңге берешек: Өскеменде 53 дәрігер екі ай бойы жалақы алмаған

Жалақы өсті, бірақ қалта жұқарды: Қазақстандықтардың табысы неге «құнсызданып» жатыр?

Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан өсетіні белгілі болды

Наверх