Ауыр айып тағылып отыр: Қазақстан іздеген ерлі-зайыпты Грузияда қолға түсті

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер синтетикалық есірткі өндірісіне қатысы болуы мүмкін. Қазір оларды Қазақстанға қайтару мәселесі қаралуда.

 ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 15:32
Бүгiн 2026, 15:32
561
Фото: ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Тбилисиде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматтары – ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу мәліметінше, ер адам «мефедрон» есірткісін өндіруді ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысы аумағында есірткі зертханасының жұмысын ұйымдастырып, химиктің рөлін атқарған.

Ал Тбилисиде ұсталған оның жұбайы тергеу дерегі бойынша Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне байланысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық мәселелеріне жауап берген.

Қазіргі уақытта қазақстандық тарап ұсталғандарды елге экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі елдің құқық қорғау органдары халықаралық іздеу және трансұлттық қылмыспен күрес бағытындағы ынтымақтастықты күшейтіп келеді.

ІІМ дерегіне сәйкес, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталған.

Тағы оқи отырыңыздар: ІІМ ескертеді: Қазақстанға келген шетелдіктерге талап өзгерді 

Заңсыз табыс: Астана тұрғыны TikTok пен YouTube-та құмар ойындар ұйымдастырған 

Наверх