Таразда екі ойын алаңшасы пайдалануға берілді

10 Шілде 2023, 06:32
540
Бөлісу:
Таразда екі ойын алаңшасы пайдалануға берілді
Фото: baq.kz

Астанасының 25 жылдық мерейтойына орай Тараз өңірінде де игілікті іс-шаралар атқарылуда. Бүгін айтулы күнге орай Менделеев көшесі, 3 бұрылыс, №13 мекенжайында және «Ұлы дала» (15) ықшам ауданы, №33, №34, №35 үйлердің ауласында кіші футбол алаңшалары ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Менделеев көшесіндегі спорт алаңшасының құрылысын «Жасыл ел» мердігер компаниясы жүргізген. Футбол алаңшасының көлемі – 20м*40м.

«Ұлы дала» (15) ықшам ауданы, №33, №34, №35 үйлердің ауласындағы кіші футбол алаңшасының көлемі – 20м*40м (800 м2).

Спорт алаңшасын ашудағы негізгі мақсат – Тараз қаласы тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, - деп жазды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы