Таразда демалыс кешені ашылды

1 Шілде 2023, 23:04
1061
Бөлісу:
Таразда демалыс кешені ашылды
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Таразда «Зербұлақ» демалыс кешені ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана күні мерекесіне орай Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі туризмді дамыту аясында Зербұлақ көлінде еліміздегі ірі мәдени-сауықтыру отбасылық демалыс аймақтарының бірі пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов кешен директоры Айбек Оршубековпен бірге ауқымды нысанның лентасын қиып, аралап көрді.

Ауқымды жоба өңірдегі туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.

Құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын кешен жалпы 1,9 гектар аумақты алып жатыр. Сыйымдылығы 2000 адамға шақталған. Мұнда түрлі әткеншек, толқынды бассейн секілді заманауи құрылғылар орнатылған.

«South Holiday» ЖШС-нің басшысы Айбек Оршубековтің айтуынша, Орталық Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналатын бұл кешенде алдағы уақытта бес жұлдызды қонақ үй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар іске қосылмақ.

Салтанатты түрде пайдалануға берген демалыс аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналары сөзсіз.

Өзгелердің жаңалығы