Таразда бір топ пәтер ұрылары ұсталды

18 Қаңтар 2019, 11:35
2223
Бөлісу:
Таразда бір топ пәтер ұрылары ұсталды

Тараз, BAQ.KZ. Тараз қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен үш адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Бұл жөнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Ұсталған азаматтар облыс аумағындағы баспаналардың есігін сәйкес кілтпен ашып кіріп тонаумен айналысқан. Қылмыстық топ мүшелерінің барлығы Тараз қаласының тұрғындары және 22-30 жас аралығындағы азаматтар. Ұсталғандардың екеуі бұрын сотты болған. 

"ВАЗ 2109" автокөлігін тінту барысында қара түсті қолғап, есікті ашуға арналған құралдар мен қылмыстық топтың ағымдағы жылдың 1-17 қаңтары аралығындағы орын алған ұрлыққа қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар табылды. Соның ішінде, банк карталары, күміс бұйымдар, "Soni XP" маркалы теледидар, "Apple" ноутбугы. 

Қазірдің өзінде ұсталғандардың бес ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді. Жалпы шығын көлемі 3 млн теңгеден асты. 

ҚР ҚК 88-бабының 3-бөоімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Сонымен қатар, қылмыскерлер мінген көліктің мемлекеттік нөмірі де жалған екені анықталды. Күдіктілер Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзгелердің жаңалығы