Таразда әйел адам TikTok-тағы видеосы үшін соттала жаздады

6 Қараша 2022, 13:14
25598
Бөлісу:
Таразда әйел адам TikTok-тағы видеосы үшін соттала жаздады

Тараз қалалық сотында TikTok әлеуметтік желісінде жала жапты деген айыпқа негіз болған видеоға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды

Сотта Тараз тұрғыны TikTok-парақшасында "Көршілерім-ұрылар" деген видео жариялағаны анықталды. Облыс орталығының тұрғыны видеоның кейіпкері екенін білген. Мұны оның таныстары да білген.

Ер адам сотқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі (көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабу) бойынша арыз түсірді.

Жәбірленуші құқықбұзушыны "жазалауды" талап етпей, соттан құқықбұзушымен татуласуға және медиациялық келісімге келуге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Осыған байланысты құқықбұзушы әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Соған қарамастан ол айыптау бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Өзгелердің жаңалығы