Таразда абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары басталды

5 Наурыз 2023, 08:47
1200
Бөлісу:
Таразда абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары басталды

Екі айлық тазалық акциясының алғашқы сенбісінде қаладағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, қала тұрғындары жалпықалалық сенбілікке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенбілік аясында қала ішіндегі арық-атыздар тазаланып, қыс бойы жиналған күл-қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар қаланы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары атқарылды. Саябақ, скверлерге, арнайы бекітілген аймақтарға түрлі ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде көп жылдық қарағай, шынар а,аштары мен сәндік талдар, жеміс ағаштары бар.

Өзгелердің жаңалығы