Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін айдап кеткен

17 Мамыр 2023, 19:03
1126
Бөлісу:
Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін айдап кеткен
Фото: polisia.kz

Тараз қалалық Полиция басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың «Subaru» маркалы автокөлігін басқарған бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автокөліктің иесі анықталды.

Көлік иесінің айтуынша 12 жастағы баласы автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде жүргендігі туралы білмеген.

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Кәмелет жасқа толмаған баламен және ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы