Тараз қаласындағы «Береке» базарынан өрт шықты

30 Қыркүйек 2022, 10:30
1128
Бөлісу:
Тараз қаласындағы «Береке» базарынан өрт шықты

Бүгін, 30 қыркүйек күні сағат 07.52-де Жамбыл облысытық Төтенше жағдайлар департаментінің 101 телефонына Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесінде орналасқан «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығы хабар алысымен іске жұмылдырылды. Оқиға орнына жоғары шақырту бойынша департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдары шұғыл жіберілді. Атап айтқанда 56 қызметкер мен 13 техника әзірленді. Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен тілсіз жау сағат 8.30-да оқшауланды, өртті жою жұмыстары жалғасуда», - деп мәлімдеді ведомствоның өкілдері. 

Қазіргі деректерге қарағанда өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы