Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды

3 Наурыз 2023, 10:25
625
Бөлісу:
Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды
Фото: turkystan.kz

Тараз қалалық сотының төрағасы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

 Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы