Таразда автобуста телефон ұрлаған азамат ұсталды

2 Ақпан 2019, 17:31
2199
Бөлісу:
Таразда автобуста телефон ұрлаған азамат ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Тараз қаласы Полиция басқармасына 47 жастағы азаматтан 2019 жылдың 21 қаңтары күні сағат 20:00 шамасында №29 бағытындағы автобустың ішінде белгісіз тұлға күртешесінің қалтасынан ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткендігі туралы арыз түсті.

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел шара қолдану барысында 20 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап, айғақ зат алынды.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдыры жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы