Тамызда 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорын тексерілді

4 Қыркүйек 2023, 16:12
855
Бөлісу:
Тамызда 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорын тексерілді
Фото: ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі

Тамыз айында ҚР ҰЭМ бүкіл ел бойынша 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорынды тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

Тамыздың 28-31 аралығында 9 өңірде 12 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды:

Алматы қ.​ –​ «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Ақмола обл.​ – «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК

Шымкент қ.-«Қуатжылуорталық-З» МКК

Ақтөбе обл.​ –​ «Энергосистема» ЖШС

Жетісу​ обл.​ – «Талдықорғанжылусервис» КМК

Павлодар обл.​ – «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ

ШҚО​ –​ «Востокэнерго» ЖШС

Абай обл.​ – «Теплокоммунэнерго» МКК, «Энерго-Инвест» ЖШС

Түркістан обл.​ – «Кентау Сервис» МКК

Жалпы субъектілердің​ бекітілген инвестициялық бағдарламалары шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындауы және тұтынушылардың қаражатын тиімді пайдалануы тексерілді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында еліміздің бірқатар өңірінде тексеруді жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы