Тамара Дүйсенова «Серпін» бағдарламасының қайта жанданатынын айтты

14 Наурыз 2024, 18:37
382
Бөлісу:
Тамара Дүйсенова «Серпін» бағдарламасының қайта жанданатынын айтты
Фото: автордан

Студенттерді сергелдеңге салған «Серпін» бағдарламасына ден қойылады. Бұл туралы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың секциялық жиынында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған бағдарламаның кемшілігі мен студенттерге тудырған қиындықтары жайлы тақырыпты құрылтай қатысушыларының бірі Мұрат Әбенов көтерді.

Біз бағдарламаға екі жыл қатарынан талдау жүргіздік. Бірінші жылы бір орынға 5 адамнан, екінші жылы 7 адамнан таласты. Жақсы басталды, бірақ өкінішке қарай мемлекеттік органдардың ортасында байланыс болмай қалды. Соңында «Серпін» арқылы ешкім оқымайтын, қызықпайтын және сұранысы жоқ мамандықтарды бере салатын болды. Ол оқуын аяқтағандарды әкімдіктер қабылдағысы келмейді. Сөйтіп, студенттер өз облыстарына қайта кетті. Ең сорақысы балаларды жұмысқа орналаспағандары үшін сотқа да берді. Қазір қанша түлек сол үшін 3 млн теңгеден айыппұл төлеп жатыр. Сонда басқа грантпен оқуын аяқтағандар қай өңірге барса да жұмыс істеуге құқығы бар. Ал серпінмен оқыса, «неге оқыдың?», «кімге сендің?» деп міндеттеп, сотқа беріп, жағдайларын қиындатамыз. Қорқады баруға. Мемлекеттік деңгейде осы мәселені қайта көтерсек. Президент 2020-2021 жылдары бұл проблеманы көтерді. Гранттарды өңірлерде жетіспей жатқан мамандықтарға берейік, - деді Мұрат Әбенов.

Тама Дүйсенова, бұл мәселе бақылауда екенін айтты.

Толық қосыламын. Жақында бұл мәселені Үкімет басшысы да көтерді. «Серпін» бағдарламасына анализ жасадық. Сіз айтқандай проблемалары бар. Сондықтан да бірлесе жұмыс істеп, жандандыруға дайынбыз, - деді Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы