Тамара Асар қандай келін іздейтінін айтты

3 Маусым 2023, 05:24
591
Бөлісу:
Тамара Асар қандай келін іздейтінін айтты
Фото: видеодан кадр

Танымал әнші Тамара Асар қандай келін іздейтінін және келіндегі өзімен бірге 41 күн бірге тұру керек екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Ұйқым келмейді" бағдарламасына сұхбат берген өнер иесінің айтуынша, отау құрғандағы алғашқы 41 күн өте маңызды.

Мен жақында екеуіне алғаш рет "Алла бұйыртып, үйленіп жатсаңдар, алғашқы 41 күн бізбен бірге тұрасыңдар" дедім. Екінші 41 күн бар. Ол - бөпелі болған кездегі уақыт. Қалжасын қолдан бергім келеді. Сол 41 күнге шыдап, жамандығын көрсетпеген қыз бала мен үйде не істесем, соны қайталайтын болады. Шынымды айтсам, менің ұлыма қызмет етсе болды. Менің балаларыма қызмет етсе, өле-өлгенше сонымен бірге құлап, бірге сүрініп, бірге тұрып жүрсе, менің арманым - сол. "Мынадай қыламын" деп айта алмаймын. Себебі өзім де әр күні әртүрлі болып оянамын. Бұл қысқа күнде қырық құбыламыз ғой, - деді Тамара Асар.

 

Өзгелердің жаңалығы