Тәліптер Ауғанстандағы 20 жылдық соғыс аяқталды деп жариялады

16 Тамыз 2021, 10:58
2007
Бөлісу:
Тәліптер Ауғанстандағы 20 жылдық соғыс аяқталды деп жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибандар» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) Ауғанстандағы 20 жылға созылған соғыстың аяқталғаны туралы хабарлады. Тәліптердің ресми өкілі Мухаммед Наим елдегі биліктің әлі қандай түрі болатыны белгісіз екенін, бірақ ол жақын арада жарияланатынын айтты, деп жазады РИА Новости.

Сондай-ақ тәліптер Ауғанстан халқы мен шетелдік дипломаттарға қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз деп уәде беріп отыр.

Біз елімізде 20 жыл бұрын басталған осы соғысқа нүкте қойдық, - деді Мухаммед Наим.

Сонымен қатар олар барлық ауғандық қайраткерге қорған болуға кепілдік берді, тәліптер олармен келіссөзге шығуға дайын.

Ауғанстанда америкалық әскер елден шығарылған соң жағдай бірден ушығып кеткен болатын. «Талибан» қозғалысының әскерлері ашық шабуылды бастап, қысқа мерзім ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды. Кейбір провинциялар мен қалалар ұйымның күштеріне ұрыссыз берілді. Осылайша, тәліптер «Ауған жапырағы» дірілдете бастады.

Кеше тәліптер Ауғанстан астанасы – Кабул қаласына кірді. Алайда шабуыл жасаған жоқ. Билікті беру туралы келіссөздер басталды. Ауғанстан президенті Ашраф Гани отставкаға кетті. Ал бүгін Қазақстанда Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді.

Өзгелердің жаңалығы