Талғарлық дәрігер оқиғаның қалай болғанын айтты

23 Қыркүйек 2023, 21:25
902
Бөлісу:
Талғарлық дәрігер оқиғаның қалай болғанын айтты
Фото: BAQ.KZ

Алматы облысы Талғар ауруханасында соққыға жығылып, кейін ауыр халде жансақтау бөліміне түскен дәрігерлер оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Әлі де жағдайым ауыр, басым ауырады. Көзім мазалайды. Тұру да қиын болып тұр. Есімде қалғаны, әуелі басымнан ұрды, мен жығылғанда басымнан теуіп жатқан. Қалғаны есімде жоқ, - дейді Зардап шеккен дәрігер Нұрдәулет Евадилла

Реанимация бөлімшесінен травматология бөлімшесіне ауыстырдық. Екінші әріптеске келесі аптада мұрнына ота жасау керек. Бет-жақ сүйектерін тексеріп, сосын ота туралы шешім қабылдаймыз, - дейді Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалымжан Есенәлиев

Ал осы жылдың тамызында Қарасай ауданындағы ауруханада жұмыс істейтін медбикені пышақтап өлтіріп кеткен еді. Жұмыс уақытында мекемеге оп-оңай кіріп, ойына келгенін істеген 42 жастағы күдікті қазір қамауда отыр.

Өзгелердің жаңалығы