Талғарда жолдың ортасында ваннаға түскен пранкерге үкім шығарылды

5 Ақпан 2024, 17:40
770
Бөлісу:
Талғарда жолдың ортасында ваннаға түскен пранкерге үкім шығарылды
Фото: Алматы облысы Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі

Талғарда жолдың ортасында ваннаға түскен блогер ерсі қылығы үшін жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысы Талғар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекеттер) бойынша азамат Ә. қатысты әкімшілік іс қаралды.

2024 жылдың 2 ақпанда сағат 20:00 шамасында азамат Ә. Талғар қаласы, Қонаев көшесінде аудандық әкімшілік ғимаратының алдында, жаяу жүргінші жолағының ортасына көбік толған ваннаны қойып, ішінде компот ішіп жатқан. Азамат Ә. өзінің іс-әрекетімен жол жүргіншілерге кедергі келтіріп, қоғамдық орында айналасындағыларға құрмет көрсетпейтінін бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған. Құқықбұзушы Ә. кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасымен және оның түсініктемесімен толық дәлелденген. 2024 жылғы 3 ақпандағы сот қаулысымен құқықбұзушы Ә. ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы