Талғар ауданында сервистік әкімдік ашылды

11 Желтоқсан 2020, 19:00
1467
Бөлісу:
Талғар ауданында сервистік әкімдік ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Талғар ауданында сервистік әкімдік ашылды.

Енді аудан тұрғындары әр бөлімдерді іздемей-ақ қажетті қызметтерді бір ғимаратта ала алады.
«Open space» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықта 8 мекеме тұрғындарға 48 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мұнда күту залы мен балаларға арналған шағын ойын алаңы бар. Электронды түрде кезек көрсететін сервистік әкімдікте барлық қолайлы жағдай жасалған. Қазірдің өзінде қызу жұмысын бастаған орталыққа келуші тұрғындар дән риза, - делінген аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Сервистік әкімдік» жобасының қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру. Бұл өз кезегінде қызмет алушылардың уақытын, күш-жігерін, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін тұрғындар қызмет алу үшін елді-мекеннің түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерге бару қажет болатын.
Сонымен қатар, ғимаратта «Жетісу – адалдық алаңы» жобасымен жабдықталған азаматтарды қабылдау кабинеті орналасқан. Бұл жерде аудан әкімі, әкім орынбасарлары, мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы