Талдықорғанда патрульдік полицейлер аруларға ерекше көңіл-күй сыйлады

6 Наурыз 2024, 21:27
327
Бөлісу:
Талдықорғанда патрульдік полицейлер аруларға ерекше көңіл-күй сыйлады
Фото: polisia.kz

Талдықорған патрульдік полициясының қызметкерлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жедел медициналық көмек фельдшерлерін, сондай-ақ коммуналдық және такси қызметтеріндегі нәзік жандыларды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Барлық қыз-келіншектің табиғаты нәзік болғанымен, әрқайсысының бойынан батырлық пен қайсарлық орын тапқан. 

Ақ халатты абзал жандар тәуліктің кез келген уақытында күн демей, түн демей адам өмірін сақтап қалу үшін барын салады. Такси көлігін басқарған нәзік жанды аруларымызға келер болсақ, заңға тікелей бағынып, патрульдік полицейлерге жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтауға өз ықпалын тигізетінін атап өтемін. Ал коммуналдық қызметсіз қала көшелерінде тазалық болмас еді. Бұл аруларымыз қыста аяздан, ал жазда ыстықтан тартынбайды. Кез келген ауа райына қарамастан, тіпті қыстың қақаған аязында да тазалықты бақылауда, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ ППР командирі Асхат Әмірхамзаев. 

Талдықорғанның патрульдік қызметкерлері өңірдегі барлық полицей атынан ханымдарды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ізгі тілектерімен әрқайсысына гүл шоқтарын табыс етті. 

Сүйкімді, әрі нәзік, мейірімді, жанашыр болып қала беріңіздер. Әрқашан сүйікті, әдемі және бақытты болыңыздар, – деп тіледі полиция қызметкерлері.

Өзгелердің жаңалығы