Талдықорғанда пәтердегі жасанды шырша өртенді

26 Желтоқсан 2021, 18:42
973
Бөлісу:
Талдықорғанда пәтердегі  жасанды шырша өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 26 желтоқсанда сағат 10:36-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Талдықорған қаласының Болашақ шағын ауданда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт көпқабатты үйдің бесінші қабатында болған.

Оқиға орнына Алматы облысының 16 қызметкері мен 6 техникасы, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар қызметі жіберілді.

Шақыру орнына жеткенде 0,5 шаршы метр аумақта жасанды шырша мен диванның өртенгені анықталды.  Өрт сөндіру бөлімшесі келгенше өртті көршісі Әлішер Ериков сөндірген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ,  - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Әлішер екі баланы пәтерден шығарып, өртті сөндірді.

Белгілі болғандай, өртке ішкі электр желісіне қосылған электр гирляндасының жануы себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы