Талдықорғанда екі жас жігіт қайғылы жағдайда көз жұмды

7 Тамыз 2023, 11:50
843
Бөлісу:
Талдықорғанда екі жас жігіт қайғылы жағдайда көз жұмды
Фото: BAQ.KZ - Архив

Құрылыс жұмыстарының барысында екі жас жұмысшы абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға облыс орталығындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінде болған. Жұмыс барысында бірден екі құрылысшы 5 қабаттан абайсызда құлап кеткен.

Жігіттер оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқан жігіттің біреуі небәрі 24 жаста болған. Артында әйелі мен 2 айлық баласы қалды.

Тергеу жұмыстары қалалық полиция басқармасына тапсырылып, прокуратура қызметкерлерінің арнайы бақылауына алынды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы