Талдықорғанда екі адамды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр

8 Қаңтар 2024, 16:36
546
Бөлісу:
Талдықорғанда екі адамды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр
Фото: instagram.com/zhetysu.police

Талдықорғанда екі адамды айуандықпен өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысының полициясы 1980 жылы туған Игорь Баланды іздеуде. Ер адам ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмысты (адам өлтіру) жасауда негізді күдікті, - делінген полиция хабарламасында.

Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.

Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамдарға дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек 6 қаңтар күні Жетісу облысында жеке үйлердің бірінде екі адамның қаза тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы