Талдықорғанда тұрғын үй маңынан ауыр жараланған сәби табылды

Шамамен бір жастағы бала көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарының бірінен құлап кеткен.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 16:48
Бүгiн 2026, 16:48
132
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Әлеуметтік желіде бүгін таңертең Талдықорған қаласында аты-жөні белгісіз кішкентай сәбидің ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қаланың 4-шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің маңынан өтіп бара жатқан тұрғындар шамамен бір жастағы баланы тауып алған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, сәби жоғарғы қабаттардың бірінен құлап кеткен. Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем шақырған. Сондай-ақ сәбидің ата-анасы да, оның қай пәтерден құлағаны да анықталмағаны, бала ауруханаға аты-жөні белгісіз күйде түскені айтылды. 

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі редакция сауалына қазіргі уақытта баланың медициналық мекемеде жатқанын растады. 

Бала қазіргі уақытта медициналық мекемеде жатыр. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп атап өтті ведомстводан.

Сондай-ақ ПД сәбидің ата-анасының табылғанын айтты. 

Баланың ата-анасы қазір ауруханада сәбидің жанында, - деді ПД.

Наверх