Талдықорғанда әуе кемелері паркін жаңарту жобасы қолға алынды

10 Қаңтар 2019, 18:40
2789
Бөлісу:
Талдықорғанда әуе кемелері паркін жаңарту жобасы қолға алынды

Талдықорған, baq.kz. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында  «ҚДБ-Лизинг» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, өңірлік және санитарлық-медициналық әуе тасымалын жасайтын әуе кемелері паркін жаңарту жобасын іске асыруға кірісті.

Жобаны іске асыру аясында «ҚДБ-Лизинг» АҚ «Жетісу» әуе компаниясы» АҚ үшін Чехияда жасалған L-410 модельді екі ұшақты сатып алуды қаржыландырды. Қазіргі уақытта ұшақтар Талдықорған әуежайына жеткізілді.

Талдықорғанда әуе кемелері паркін жаңарту жобасы қолға алынды

«Өңірлік авиацияны дамыту және әуе кемелерінің паркін жаңарту әуе тасымалдарын дамытуға оң әсер етеді, авиациялық қызметтер нарығын кеңейтеді, шағын авиациялық техникаларды пайдалану үшін инфрақұрылымды  дамытады, экономикалық секторлардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, оның ішінде санитарлық және медициналық қызметтерді ұсынуды қөамтамасыз етеді», - деп атап өтті «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Қазіргі уақытта L-410 моделі 5 құрлықта орналасқан елуден астам елде сәтті пайдаланылуда. Әуе кемесі шығарылған уақыттан бері 1100-ге жуығы құрастырылған. Бұл ұшақ түрі ТМД елдерінің аумағында көп қолданылады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі құрамына кіреді. Компания мемлекеттік бағдарламалар мен коммерциялық қаржыландыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру үшін лизингтік қаржыландыруды ұсынады.

«Жетісу» әуе компаниясы» АҚ қызметінің негізгі бағыттары: жолаушыларды, багажды, жүктерді және поштаны тасымалдау; азаматтық және әуе кемелерінің операциялары; әуе кемелеріне қызмет көрсету; әуе көлігіндегі тұтынушыларды қанағаттандыру үшін өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Бұл 100% мемлекеттік компания және рейстерді әлеуметтік маңызы бар бағыттарға орындайды.

Aircraft Industries, a.s. Чехиядағы мыңға жуық қызметкері бар ең үлкен әуе кемелерінің өндірушісі. Қызметтің ауқымды портфолиі әуе кемелерін кабельдер мен компоненттер өндірісінен бастап жинайды.  Яғни, кешенді өндіріс орыны. Мұның барлығы Чехияның Оңтүстік-Шығысындағы Куновице қаласындағы зауытта жасалады.

Өзгелердің жаңалығы