Талдықорған әкімі неге мейрамхана ашқан? Өңір әкімінің жауабы

24 Қараша 2023, 15:36
2242
Бөлісу:
Талдықорған әкімі неге мейрамхана ашқан? Өңір әкімінің жауабы
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласының басшысына қатысты даулы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифигте БАҚ өкілі Бейбіт Исабаевқа «Талдықорғанда қала әкімі мейрамхана ашыпты. Неге сіздің қызметкеріңіз ондай әрекетке барды? Егер сізде таңдау болса, мейрамхана немесе зауыт ашасыз ба?» деп сұрақ қойды.

Біріншіден, өңірде зауыт ашуға қарсы емеспін. Екіншіден, оның (Ернат Бәзіл ) әкім болып қызмет атқарып жүргеніне 3 ай болды. Ол - жақсы маман. Мен оның жеке мейрамхананың ашылуына не үшін барғанын сұрадым. Ол - жергілікті кәсіпкер, өңірге 500 миллион теңге құйған. Ол жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға міндетті болғанын айтты. Мен оған мұндай жағдай келесі жолы болса, жақсылап ойлануға кеңес бердім, - деді Бейбіт Исабаев.

Бұған дейін Жетісу облысының әкімі өзінің жалақысы туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы