Талдықорғанда көпқабатты үйде жарылыс болды

18 Наурыз 2020, 02:21
1357
Бөлісу:
Талдықорғанда көпқабатты үйде жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда көпқабатты үйде жарылыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай екі қызметкер газдың есептеуіш құралын ауыстырып жатқанда орын алған. Көпқабатты тұрғын үй газ орталықтандырылған жүйеге қосылған.

Оқиға Талдықорғандағы "Жетісу" ықшамауданында болды. Кешкі сағат 19:00 шамасында бес қабатты үйден 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның алтауы – балалар. Оқиға орнына ТЖ қызметінің 21 қызметкері мен жедел жәрдем, полиция өкілдері және 7 техника жөнелтілді. Зардап шеккен екі қызметкердің жағдайы тұрақты. Олар "Тавиди" ЖШС жұмысшылары. Газ-ауа қоспасының жарылысынан өрт туындаған жоқ. Терезелері ғана сынды. Басқа пәтерлерге залал келген жоқ, - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.




Өзгелердің жаңалығы