Елорда маңындағы Талапкер ауылына №326 автобус қатынайды

30 Желтоқсан 2019, 15:03
3028
Бөлісу:
Елорда маңындағы Талапкер ауылына №326 автобус қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 желтоқсаннан бастап Талапкер ауылына қатынайтын №326 жаңа бағдар іске қосылады, деп хабарлады Астана LRT.

Жаңа жыл қарсаңында жақсы жаңалық. Ертең, 2019 жылдың 31 желтоқсанында №326 жаңа бағдар іске қосылады. Аталмыш бағдардың автобустары «Ақан сері көшесі» аялдамасынан Талапкер ауылына дейін қатынайды, - делінген хабарламада.

№326 бағдар Талапкер ауылындағы мына аялдамаларға тоқтайды: "М.Мәметова көшесі", "Әл-Фараби көшесі", "Достық көшесі" және "№4 модуль".

Өзгелердің жаңалығы