Иран АҚШ-пен келіссөз бастау үшін жеті шарт қойды

Тегеран әскери әрекеттерді тоқтатуды, санкцияларды алып тастауды және америкалық күштерді өңірден шығаруды талап етті.

 istockphoto.com 20 Қыркүйек 2026, 11:57
20 Қыркүйек 2026, 11:57
207
Фото: istockphoto.com

Иран АҚШ-пен келіссөздерді бастау және екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін жеті шарт қойды.

Тегеранның талаптарын Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Тегеранның ұстанымы айқын әрі нақты: егер Вашингтон өзі қалыптастырған тығырықтан шығуды қаласа, Иранның құқықтары мен шарттарын қабылдаудан басқа амалы жоқ, – деді генерал.

Оның айтуынша, Ормуз бұғазын ашу және АҚШ-пен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін Иран мынадай шарттар қойды:

  • әскери әрекеттерді тоқтату;
  • бұғатталған активтерді босату;
  • теңіз блокадасын алып тастау;
  • экономикалық және саяси санкцияларды жою;
  • АҚШ-тың әскери-теңіз және әскери-әуе күштерін өңірден шығару;
  • соғыс өтемақысын төлеу;
  • қоқан-лоқы мен балағат сөздерді тоқтату.
Наверх