Таиландтағы жарылыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – СІМ

2 Тамыз 2019, 16:45
1247
Бөлісу:
Таиландтағы жарылыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд билігінің ресми хабарлауынша, бүгін Бангкоктың бірнеше аудандарында жеті кішігірім жарылыс орын алды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.


"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бірнеше қоғамдық орындарда кішігірім жарылыстар тіркелді, оның ішінде үкімет ғимараттары кешенінің жанында, қонақ үйлердің бірінің кіреберісінде, метро станциясының жанында, сондай-ақ Бангкок көшелерінің жаяу жүргіншілер аймағында. Зардап шеккендер мен ауыр жарақаттар алғандар жоқ. Таңертең көшелерді тазалап жатқан жергілікті коммуналдық қызметтің екі қызметкері және бір жолаушы жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендер арасында шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан азаматтары жоқ. Басқа мәліметтер туралы хабарланбайды. Қазіргі таңда Бангкоктағы ҚР азаматтарына қауіпсіздік шараларын, жергілікті билік органдарының талаптарын қатаң сақтауға және халық көп жиналатын жерлерден тыс болуға кеңес береміз. Қандай да бір төтенше жағдай туындаған жағдайда, тез арада Қазақстан Елшілігіне хабарласуы қажет. ",  - делінген таратылған ақпаратта. 
Өзгелердің жаңалығы