Таиландта Қазақстан азаматы қамауға алынды

26 Шілде 2019, 17:51
1910
Бөлісу:
Таиландта Қазақстан азаматы қамауға алынды

Алматы, BAQ.KZ. 24 жастағы қыз бала Таиландтың көші-қон түрмесіне қамалған. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, 1995 жылы туған қыз бала уақыты өткен визамен Таиланд аумағында алты айдан артық уақыт турист ретінде жүрген. 

«Оны депортациялауы мүмкін. Қызды Бангкок әуежайында ұстаған. Ол расымен де Қазақстан азаматы болып шықты. Оны үкім шығарғанға дейін көші-қон түрмесіне қамаған. Оған қатысты шешім келесі аптада шығады. Алдын ала болжам бойынша оны депортациялайды. Әзірге қылмыстық жауапкершілік жөнінде сөз болмады. Қамауда ұстау жағдайына қатысты шағым болмады», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы