Таиланд пен Кувейтке тұрақты рейстермен ұшуға болады

13 Желтоқсан 2021, 21:00
939
Бөлісу:
Таиланд пен Кувейтке тұрақты рейстермен ұшуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 31 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы аптаның бейсенбі және жексенбі күндері А320LR әуе кемесімен Алматы-Пхукет бағытында 2 рет тұрақты рейс орындайды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы және Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағытта сәрсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейс орындай бастады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Өзгелердің жаңалығы