Тағы да қарыз. Бұл жолы Дүниежүзілік банктен 345,7 млн еуро аламыз

26 Қазан 2022, 12:29
8802
Бөлісу:
Тағы да қарыз. Бұл жолы Дүниежүзілік банктен 345,7 млн еуро аламыз

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомства басшысының айтуынша, Дүниежүзілік банк қарызды 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен сонымен бірге 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріп отыр.

Биыл шілдеде  Президент Жарлығына сәйкес, 345,7 млн еуро сомасына қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді, – деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Ол сыйақы мөлшерлемесі Еурибор және өзгермелі спредтен тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар министрдің сөзінше, жалпы бюджет тапшылығы артып отырған жоқ. Керісінше, жыл сайын жалпы ішкі өнімге шаққанда бұл көрсеткішті азайған.

Биыл 3,3 пайыз болса, келесі жылы 2,7 пайызға дейін түсеміз. Одан кейінгі жылдары 2,5 пайызға дейін азаяды. Атап айтқанда, біздің экономикамыз өсіп келді. Сонымен қатар қаржыландыратын бағыттар көп екенін ескерсек, бюджет тапшылығы болады. Бюджет тапшылығы болмас үшін керек қаражатты Ұлттық қордан толығымен жабу қажет. Алайда біз Ұлттық қорға түсетін қаражатты сақтап, оның сомасын арттыру бағытында бюджет тапшылығына барып отырмыз, - деді Е. Жамаубаев. 

Өзгелердің жаңалығы