Тағы бір журналиске шабуыл жасалды

22 Ақпан 2023, 14:54
1161
Бөлісу:
Тағы бір журналиске шабуыл жасалды
Фото: Данияр Молдабековтің әлеуметтік желісінен алынды

Бүгін Алматыда журналист Данияр Молдабековке белгісіз біреулер шабыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Молдабеков қаскөйлер медициналық бетперде киіп алғанын айтты.

Болған оқиғаны журналист Facebook парақшасына жазды. 

Көп ұзамай полиция түсініктеме берді.

Оқиға туралы хабарлама 102 пультіне 22 ақпан күні сағат 10:37-де түсті. Факт Алмалы аудандық полиция бөліміне тіркелді, деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі оқиғаны министрлік бақылауда ұстайтынын айтты. 

Әріптесіміз Данияр Молдабековтің  бәймәлім кісілер тарапынан соққыға жығылғаны жөнінде жазған постын оқыдым. Бұл оқиғаны айыптаймыз және тиісті құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, кінәлілер тез табылады деп сенеміз. Өз тарапымыздан бақылауда ұстаймыз, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы