Тағы бір қазақстандық спортшы басшылық қызметке тағайындалды

7 Наурыз 2021, 19:00
2021
Бөлісу:
Тағы бір қазақстандық спортшы басшылық қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ.Еліміздегі үздік шахмат гроссмейстерлерінің бірі Динара Сәдуақасова FIDE халықаралық шахмат федерациясы спортшыларының комиссиясын басқаратын болды. 

Қуанышты жаңалығыммен бөлісіп отырмын – ФИДЕ спортшылары комиссиясының төрайымы болдым, - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Комиссия құрамында Салем Салех (БАӘ), Ахмед Адли (Египет), Антоанета Стефанова (Болгария), Каролина Лухан (Аргентина), Давид Навара (Чехия), Екатерина Аталик (Түркия), Джомо Питтерсон (Ямайка), Джошуа Кастильо (Колумбия), Джу Венджун (Қытай), Одион Айхоже (Нигерия) және Сарасадат Хадемалшарие (Иран) және Алина Кашлинская (Ресей) бар. 

Комиссия жұмысының мақсаты – жетекші шахматшыларды ФИДЕ басшылығының шешім қабылдау процесіне тарту. Динара Сәдуақасова осы комиссияны алдағы ай көлемінде басқарады. Содан кейін оның орнына Джу Вэнцзюнь, ал алты айдан кейін Ахмед Адли келеді.

Өзгелердің жаңалығы