Тағы бір аймақ ардагерлері 5 млн теңгеден алады

29 Сәуір 2025, 14:24
518
Бөлісу:
Тағы бір аймақ ардагерлері 5 млн теңгеден алады
Фото: Арман Мухатов - Архив

Алматы қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге 5 млн теңгеден берілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық мәслихаттың VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Жаңа шешімге сәйкес, Алматыда тұратын 21 соғыс ардагері 5 миллион теңгеден біржолғы төлем алады. Бұған дейін бұл сома 1 миллион теңге болатын.

Сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне көрсетілетін қолдау да артады. 6 149 тыл ардагеріне берілетін көмек 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл туралы Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауржан Жаубасов хабарлады.

Төлемдер азаматтардан өтініш талап етілместен автоматты түрде аударылады. Бұл үшін аудан әкімдіктері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына тиісті тізімдерді ұсынады, ал қаржы екінші деңгейлі банктердегі шоттарға түседі.

Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында 21 соғыс ардагері мен 6149 тыл еңбеккері тұрып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы