Тағы бір Әлем чемпионының басы дауға ілікті

18 Қыркүйек 2023, 14:58
2107
Бөлісу:
Тағы бір Әлем чемпионының басы дауға ілікті
VIDEO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде балалар арасындағы түсінбеушіліктің салдары төбелеске ұласқан. Әлем чемпионы баласын ойнатуға келген азаматты соққыға жыққан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 2023 жылдың 6 қыркүйегінде болған. Грек-рим күресінен әлем чемпионаттарының бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев бес балалы әкені ұрып-соққан.

Жәбірленуші сол күні қызының туған күнін атап өту үшін ойын-сауық орталығына келген. Оған белгісіз әйел келіп, қызына балалары шар лақтырып, жылатқанын айтқан. Ер адам әйелден кешірім сұрап, балалардың арасында болып тұратын келіспеушілік екенін айтып, түсіндіруге тырысқан. Дегенмен бұл жағдайды көрген Алмат Кебіспаев ер адамға жұдырық ала жүгірген. 

Кенеттен маған белгісіз екі жігіт келді. Біреуі менің балаларымның кесірінен қызы жылап жатқанын айтты. Мен жағдайды түсіндіруге тырыстым, бірақ сол кезде ол мені ұра бастады. Мен полиция шақырдым, маған шабуылдаған адам балуан екені белгілі болды, – дейді алматылық.

Қала тұрғыны аталған жағдайдан кейін, орталық қалалық аурухананың медициналық тексерістен өткенін айтты. Айтуынша, қорытынды нәтижелеріне сәйкес ол бас жарақатын алып, бет-аузының көгергенін айтты. Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті жауап берді. 

Бұл факт ӘҚБтК-нің 73-1-бабы, 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша тіркелген. Азамат М.-ның алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамалық зерттеу қорытындысын алғаннан кейін шешім қабылдау үшін материал Алматы қаласы бойынша МАЭС-қа жіберіледі,– деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Видео: Almaty_kris_P

Еске салсақ, маусым айында Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелес болды. Белгілі болғандай, белгілі спортшы Бейбіт Шүменов бала көтерген ер адамды соққыға жыққан. Осы жайтқа қатысты бұзақылық дерегі бойынша қылмысты іс қозғалғаны анықталды. Кейіннен әлем чемпионы, белгілі боксшы Бейбіт Шүменов әлеуметтік желісінде жазба қалдырып, оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

Өзгелердің жаңалығы