қылмыс
-
-
Алматы облысында бақылау камералары жиырма мыңға жуық қылмысты анықтады
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының қалалары мен аудандарының көшелері мен қоғамдық орындарындағы тәртіпті жақсартуға ықпал ету үшін бейнебақылау жүйесін енгізу одан әрі жалғасуда.
23.01.2019
-
Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері қылмыс үстінде ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Д.Ысқақовты және уақытша жұмыссыз Д.Әлпиев пен Э.Сүлеймановты қылмыс үстінде ұстады.
21.01.2019
-
Полицейлер Астанадағы "қауіпті" дәмханалардың тізімін жариялады
Астана, BAQ.KZ. Елордаданың полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғаларына қатысты жүргізілген мониторингтің нәтижесін жариялады.
18.01.2019
-
Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Алматыдағы ауданаралық қылмыстық сотта Денис Теннің өліміне қатысты іс мәресіне жетті. Соттың үкімімен айыпталушылар 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Соттың айыптау үкімімен Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде қамау талап етілді.
Ал, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімі айтылып, оны да қауіпсіздігі жоғары мекемеге қамауды талап етті.
Сондай-ақ, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовқа 30 АЕК көлемінде, Ж. Толыбаеваға 20 АЕК көлемінде қаржылай айып өндіруге міндеттелді.
Еске салсақ, 2018 жылдың 19 шілдесі күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Көп ұзамай сотталушы Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева қамауға алынған еді.
Әділет МҰСАХАЕВ
17.01.2019
-
Қостанайда дүкенге шабуыл жасаған екі адам ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері дүкенге бұзақылық шабуыл жасаған екі күдіктінің кім екенін анықтады. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі alau.kz басылымына хабарлады.
15.01.2019
-
Денисті өлтіргенімді мойындаймын – Қиясов
Алматы, baq.kz тілшісі. Нұралы Қиясов сотта жауап беріп, Денис Тенді қалай өлтіргенін айтып берді.
14.01.2019
-
Алматы облысында мал ұрлайтын бірнеше топ ұсталды
Астана, baq.kz. Алматы облысының аумағында 3 қылмыстық топтың жолы кесілді, 9 мал ұрлығы ашылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
11.01.2019
-
Шекарашыны соққыға жыққан қызметкер бас бостандығынан айырылды
Алматы, Baq.kz. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметкері Әзілхан Әзімхан бір жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
10.01.2019
-
Қорғаушы: Денис Тенді тапсырыспен өлтірді деген ақылға қонбайды
Алматы, baq.kz. Алматыда Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
04.01.2019
-
Денис Тенді пышақтағандар қылмысын мойындамай отыр
Алматы, baq.kz. Алматыда спортшы Денис Теннің өліміне қатысты негізгі сот тыңдауы өтіп жатыр. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, сотталушылардың екеуі - Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов Денис Тенді өлтіргенін мойындамады.
03.01.2019
Наверх