Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

17 Қаңтар 2019, 17:12
9270
Бөлісу:
Денис Тенді өлтіргендерге  қатысты сот  үкімі  шықты

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Алматыдағы ауданаралық қылмыстық сотта Денис Теннің өліміне  қатысты іс мәресіне жетті. Соттың үкімімен айыпталушылар 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.


Соттың айыптау үкімімен Арман Құдайбергенов пен Нұралы  Қиясовты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде қамау талап  етілді.

Ал, Жанар Толыбаеваны 4  жылға бас бостандығынан айыру үкімі айтылып, оны да қауіпсіздігі жоғары мекемеге қамауды талап етті.

Сондай-ақ,  Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовқа 30 АЕК көлемінде, Ж. Толыбаеваға 20 АЕК көлемінде қаржылай айып өндіруге міндеттелді.

Еске салсақ, 2018 жылдың 19 шілдесі күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Көп ұзамай сотталушы Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева қамауға алынған  еді.
Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы