Алматы облысында бақылау камералары жиырма мыңға жуық қылмысты анықтады

23 Қаңтар 2019, 16:57
4030
Бөлісу:
Алматы облысында бақылау камералары жиырма мыңға жуық қылмысты анықтады

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының қалалары мен аудандарының көшелері мен қоғамдық орындарындағы тәртіпті жақсартуға ықпал ету үшін бейнебақылау жүйесін енгізу одан әрі жалғасуда.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы генерал-майор Мұрат Ұрұмханов 2018 жылдың қорытынды жиынында айтты.

«Бейне бақылау жүйесін кеңейту жедел жағдайға оң әсер етудің тиімді тәсілі болып табылады. Қазіргі таңда өңірдегі әкімшіліктің қолдауымен кезекші аумақтық полиция бөлімшелеріне және Талдықорғандық жедел басқару орталығына тікелей қосылған 968 бейнебақылау камерасы орнатылған. Өткен жылы камералардың көмегімен 122 қылмыс ашылып, 20 000 жуық құқық бұзушылық анықталды» - деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі күні бейнекамаралардың жалпы санынан облыс орталығында 871 бейнекамера қоғамдық орындардағы тәртіпті жіті қадағаласа, қалғандары Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қаратал, Ескелді аудандарында, Текелі және Қапшағай қалаларында орнатылған.

«Бейнекамералардың көмегімен полиция қызметкерлерін қандайда бір құқық бұзушыны немесе қылмыскерді ұстауға жедел жұмылдыру мүмкіндігі бар. Атап айтсам, өткен жылы 102 арнасына Талдықорған қаласының көңіл көтеру орындарының біріне жақын маңда «Toyota» маркалы автокөлікте қызға зорлық көрсетілгені туралы хабарлама түсті. Жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші инспекторы қылмыскердың қозғалу мүмкіндігі бойынша бейнекамераларға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде күдікті автоколік анықталды. Көп ұзамай қылмыскерлер ұсталып, қылмысты ізін суытпай аштық» - деді Мұрат Ұрұмханов

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің қолдауымен Қапшағай қаласында 300 камера, Қарасай және Панфилов аудандарында 200 камера орнату жоспарымызда бар. Сонымен қатар, Текелі қаласында 300 бейнебақылау камерасын орнатып, жедел басқару орталығын салу жоспарлануда,- деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Өзгелердің жаңалығы