Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері қылмыс үстінде ұсталды

21 Қаңтар 2019, 15:24
5584
Бөлісу:
Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері қылмыс үстінде ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Д.Ысқақовты және уақытша жұмыссыз Д.Әлпиев пен Э.Сүлеймановты қылмыс үстінде ұстады.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Көрсетілген адамдар «БТА Банк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн долларды Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін алаяқтық жолмен бопсалаған" - делінген хабарламада.

Бұл ретте, Д.Ысқақов осы қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген.

"Д.Ысқақов, Д.Әлпиев және Э.Сүлеймановтарға қатысты Алматы қаласының Мамандандырылған тергеу соты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын  тағайындады. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды" - деп хабарлады Бас прокуратура.

Өзгелердің жаңалығы