Оқу-ағарту министрлігі
-
-
Қазақстанда 40 балалар омбудсмені оқушылардың құқығын республикалық деңгейде қорғайды
Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысының көшбасшылары арасында өткен сайлау нәтижесінде Қазақстанның барлық өңірінен 40 жас балалар омбудсмені анықталды. Олар оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін республикалық деңгейде қорғауға атсалыспақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
12.11.2025
-
Қазақстан мен Израиль инклюзивті білім беру саласында тәжірибе алмасады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Израиль Мемлекетінің Аймақтық ынтымақтастық министрлігі, Білім министрлігі, Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігі және Сыртқы істер министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.11.2025
-
150-ден астам студент шетелде тәжірибеден өтті
Қазақстан колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы шетелде еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент білім алып, тәжірибеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.11.2025
-
Астана мен Алматы мектептерінде жүзу пәні енгізіледі
Қазақстан мектептерінде жүзу пәні 2026 жылы пилоттық жоба ретінде енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
04.11.2025
-
Мектеп пәндері қысқара ма? Сүлейменова нақты шешім қашан қабылданатынын айтты
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, мектеп оқушыларының пәндік жүктемесін қысқарту немесе кейбір пәндерді біріктіру мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Оқушы пышақ жарақатын алды: Министрлік мәлімдеме жасады
БҚО-дағы оқиға бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Батыс Қазақстан облысында болған оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.10.2025
-
WIC 2025: Алматыда инклюзивті білім берудің Дүниежүзілік конгресі өтуде
Бүгін Алматыда 15-17 қазан аралығында өтетін Инклюзивті білім беру бойынша бірінші Дүниежүзілік конгресс (World Inclusion Congress – WIC 2025) басталды. Конгрессті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «HOPE» қоры (Help Others Pursue Education, Қазақстан) және International Forums of Inclusion Practitioners (IFIP, Ұлыбритания) ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Қазақстан инклюзивті білім беру саласында көшбасшылық ұстанымын нығайтып келеді
Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен балаларға тең әрі қолжетімді, қауіпсіз орта қалыптастыруға және сапалы білім беруге бағытталған ауқымды әлеуметтік реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Елімізде инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресс өтеді
Алматыда 2025 жылғы 15-17 қазан аралығында инклюзивті білім беру саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара – World Inclusion Congress (WIC 2025) өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.10.2025
-
Министр: Балалардың әл-ауқатын қорғау – мемлекеттік саясатының басым бағыты
Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім саласындағы қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.10.2025
-
Абайлық 13 жастағы оқушы қамшы өрудің 15 түрін меңгерген
Абай облысы Аягөз ауданындағы №5 мектептің 7-сынып оқушысы Әлихан Салихан ұлттық қолөнерге деген ерекше қызығушылығымен көзге түсіп отыр. 13 жастағы жас шебер қамшы өрудің 15 түрін меңгерген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.10.2025
-
Оқушылардың жаппай төбелесі: Министрлік мәлімдеме жасады
Астана қаласында болған жағдайға байланысты барлық қатысушы жасөспірімдер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.10.2025
-
AI тақырыптары Келешек мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілді
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.10.2025
-
2026 жылдан бастап оқушылар қандай оқулықпен оқиды? — Қоғамдық талқылау басталды
2026–2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының https://talqylau.bmso.kz сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.10.2025
-
Оқу-ағарту министрі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарды кәсіби мерекесі — Ұстаздар күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.10.2025
-
Мектеп басшыларының жаңа толқыны: "1000 көшбасшы" жобасы қалай жүзеге асуда?
2023 жылдан бері елімізде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасы іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан жоба басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.10.2025
-
Тоқаев жаңа министрге білім беру сапасына қатысты міндеттер жүктеді
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29.09.2025
-
Депутат Оқу-ағарту министрі болды
Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
29.09.2025
-
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
29.09.2025
-
Қазақстанда үздік мұғалім 4 млн теңге алады
Биыл “Үздік педагог” республикалық байқауының іріктеу кезеңіне (аудандық) 1 468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
Наверх