оқиға
-
-
Қарағандыда батут ұшып кетіп, 11 жасар бала көз жұмды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды оқыс оқиға орын алды. Қатты желдің салдарынан үрмелі батут ұшып кетіп, салдарынан 1 бала қаза тауып, тағы екі бала ауруxанаға жеткізілді.
25.05.2019
-
Есілге аққан қызды құтқарып, өзі ажал құшты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есілге суға батып кеткен 12 жасар қызды құтқарып қалған жігіт өзі суға кетіп қаза болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
10.05.2019
-
Облыс әкімінің орынбасары жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол апатынан қаза болды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
10.05.2019
-
Шереметьевода қаза болғандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы апаттан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
06.05.2019
-
Атырау. "Ұшты-ұшты шатыр ұшты"
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда кенеттен қатты жел тұрып, көп қатарлы үйдің шатырын ұшырып әкетті. Ұшқан шатырдың бір бөлігі жол жиегіндегі бірнеше көлікті басып қалған. Абырой болғанда көлік ішінде адам болмапты.
12.04.2019
-
Өскеменде 13 жастағы баланы атып кетті
Өскемен, BAQ.KZ. Полиция қару қолданып, бұзақылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Бұл туралы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
05.04.2019
-
Көп жағдайда жол апатына жаяу жүргіншінің ережені сақтамауы себеп болады
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын ұйымдастырып, барлық автожолдарда бақылау жұмыстарын күшейтті.
04.04.2019
-
Ақсу қаласында ер адам өзін өртеп жіберді
Алматы, BAQ.KZ. Павлодар облысының Ақсу қаласында ер адам өзін өртеп жіберді, тағы 13 адам жарақат алды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.
04.04.2019
-
Бір аптада жол апатынан 12 адам қаза болған
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында «Ауди-100» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі үш адам қаза тапқан көлік апатын жасады деген күдікпен қамауға алынды.
02.04.2019
-
Тікұшақ апаты. Техниканың істен шығуы, адами фактор, метеожағдай. Болжам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов Қызылорда облысында тікұшақ апатына не себеп болуы мүмкін екенін айтты.
01.04.2019
-
Тікұшақ апаты: Бүгін қаза тапқан әскерилердің мүрделері туған жерлеріне жөнелтілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында тікұшақ апатынан қаза болған әскери қызметшілердің денелері туған жерлеріне жіберілді.
30.03.2019
-
Нұр-Сұлтандағы жол апаты. Зардап шеккендерге қандай көмек беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана ЛРТ» басшысы Бекмырза Игенбердинов жол-көлік апапатынан қаза тапқандардың отбасына және зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты.
26.03.2019
-
Нұр-Сұлтанда жол апаты болды. Зардап шеккендер бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 26 наурыз, таңғы сағат 9.40 шамасында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді.
26.03.2019
-
Кейбір елдімекенді су басу қаупі төніп тұр
Алматы, BAQ. Биылғы көктемде Қарағанды, Қостанай, Шығыс пен Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болу қаупі бар. Бұл туралы «Хабар 24» мәлім етті.
09.03.2019
-
Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті
Солтүстік Қазақстан, «BAQ.KZ» тілшісі. Петропавлда қалың қарды көтере алмаған көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті. Құтқарушылар тұрғындарды бірден қауіпсіз жерге көшірді.
04.03.2019
-
Ақтөбеде газ жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ. Әйтеке би ауданының орталығы Комсомол ауылында газ баллоны жарылып, баспана қирап қалды. Абырой болғанда адамдар аман.
27.02.2019
-
Тараздағы жарылыс құрбандарының отбасына 1 млн теңгеден беріледі
Тараз, BAQ.KZ. Алдағы үш жылда халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған шығындардың республикалық бюджеттегі үлесі 34%-дан 49%-ға дейін өседі. Бұл жөнінде облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
27.02.2019
-
Тараздағы жарылыстан екі адам көз жұмды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараздағы көпқабатты тұрғын үйде жарылыс орын алды.
27.02.2019
-
Алматы облысында жүк көлігіне соғылған салт атты көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Құлжа тасжолы бойындағы жол-көлік оқиғасынан жылқымен келе жатқан адам көз жұмды, деп жазды Zakon.kz.
05.02.2019
-
БҚО-да ер азамат өртеніп кетті
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленое кентіндегі үйлердің бірінде өрт болып, бір тұрғын қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
25.01.2019
Наверх