АҚШ-та 45 мың бөшке виски сақталған қойма өртенді

5 Шілде 2019, 09:26
1947
Бөлісу:
АҚШ-та 45 мың бөшке виски сақталған қойма өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Кентукки штатында 45 мың бөшке виски сақталған қойма өртеніп кетті, деп хабарлады 24.kz. 

Бұл 7 миллионнан аса литрге тең. Болжамдарға сай, өрттің басталуына қоймаға найзағайдың түсуі себепші болған. 

Төтенше жағдай сәрсенбіге қараған түні арақ-шарап сақталған екі қоймада болды. 

Компания өкілдерінің сөзінше, виски енді ғана сақталуға қойылған. Сондықтан қоймадағы алапат өрт алкогольді ішімдіктің тапшылығына әсер етпейді.

Өзгелердің жаңалығы