көпбалалы отбасы
-
-
~
Көпбалалы отбасылар Нұр-Сұлтанда екі бөлмелі пәтер ала алады – құжаттарды қалай тапсыру керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.
25.06.2021
-
~
Жыл басынан бері 799 мыңнан астам адам АӘК алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 164,4 мың отбасындағы 799,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды.
25.06.2021
-
~
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысатындар саны көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер лимитін 5000-нан 7500-ға дейін арттырды.
14.06.2021
-
~
Көпбалалы отбасылар 4 айда 92,8 млрд теңгеге жәрдемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтардан сәуірге дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің жалпы сомасы 92,8 млрд теңгеге Жетті. Яғни орта есеппен 440,1 мың отбасы қамтылды.
24.05.2021
-
~
Көпбалалы отбасылар бизнесті дамытуға арналған бағдарламалардың игілігін көруде
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалардың арқасында қазалылықтар өз бизнестерін дөңгелетіп келеді. Әсересе көпбалалы аналар қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп бастап, өз істерін жүргізуде. Олардың әрқайсысының шығарып отырған өнімдері тұрғындар арасында сұранысқа ие.
22.05.2021
-
~
Балқашта көпбалалы отбасыларға арналған эко үйлер салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоңырат шағын ауданында 10 энергия үнемдейтін экоүйлер құрылысы үшін жер телімін дайындау басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
20.04.2021
-
~
Елордалық көпбалалы отбасылар жалдамалы пәтерге қол жеткізе алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй орталығы көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.
16.04.2021
-
~
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 69,2 млрд теңгеге жәрдемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2 млрд теңгеге орта есеппен 437,2 мың отбасы қамтылды.
08.04.2021
-
~
Үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы баспаналы болды
Алматы, BAQ.KZ. 26 ақпан күні Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында көпбалалы отбасының үйінен өрт шығып, үй толығымен жанып кеткен. Өрт шыққан кезде отбасы үйде болған, қолына ілінген заттарын алып, жеңіл киіммен қашып шығып, аман қалған.
03.03.2021
-
~
Көпбалалы отбасылардың балаларына қыстық киім әперілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Меркі аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп есепте тұрған көпбалалы отбасылардың балаларына қыстық қалың киімдер сатып әперді.
08.01.2021
-
~
Түркістан облысында көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл қарсаіында Түркістан облысы Түлкібас ауданында 20 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
01.01.2021
-
~
«Нұрлы жер». Елордалық көпбалалы аналарға пәтер берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада әлеуметтік осал топтағы балалы отбасылар жаңа пәтерлерге көшуде. 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Тұрғын үй орталығында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өтініштер қабылданды.
19.12.2020
-
~
Көпбалалы отбасылар жаңа үйлерге қоныстанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жаңа үйлерді пайдалануға беру бірқатар жаңа елді мекендерде жалғасын тапты. Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек, Аса, Құмтиын, Бесағаш ауылдарындағы төрт отбасы жаңа үйлерге қоныстанды.
16.12.2020
-
~
Түркістан облысында көпбалалы отбасылар баспанамен қамтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай, мұқтаж ретінде бірінші кезекте тұрған 10 отбасыға баспана кілттері табысталды. Қоныс той иелері аудан әкімі қолынан баспана сертификатын алды.
16.12.2020
-
~
Балқашта 30 көпбалалы отбасы пәтер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков 30 көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыс етті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
16.12.2020
-
~
Көпбалалы әке Президенттің тапсырмасы бойынша баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде төрт баланы бір өзі бағып отырған Амангелді Зайдуллаевтың баспана мәселесі Президенттің тапсырмасы бойынша шешімін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
03.12.2020
-
~
Қарағандыда көпбалалы отбасыларға 27 пәтер кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «Қазақмыс Холдинг» ЖШС бөлімшелерінің 27 көпбалалы қызметкеріне пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
29.11.2020
-
~
ШҚО-да көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 1,6 млрд теңге бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Басымдық ауылдағы отбасыларға беріліп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.
20.11.2020
-
~
«Жанұя» - көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешуге атсалысуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Қарағанды қаласында 4000-ға тарта көпбалалы отбасы тұрады. Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй бағдарламалары және басқа мәселелер бойынша кеңес берумен «Жанұя» орталығы айналысады.
29.10.2020
-
~
Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беріліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларға баспана беріліп жатыр, деп хабарлады Алтайньюс.
13.10.2020
Наверх