Көпбалалы отбасылардың балаларына қыстық киім әперілді

8 Қаңтар 2021, 04:21
2038
Бөлісу:
Көпбалалы отбасылардың балаларына қыстық киім әперілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Меркі аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп есепте тұрған көпбалалы отбасылардың балаларына қыстық қалың киімдер сатып әперді.

Бұл күні жылы әрі жеп-жеңіл жаңа қысқы күртеге ие болған балалар шаттыққа кенеліп қуанып қалды.

Аталған игі шара барысында Меркі аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Арайлым Сәмбетова өмірлік қиын жағдайдағы адамның шетте қалмайтынын және қоғамның қамқорлығында болатынын жеткізді.

Біз балақайлардың дене бітімінің өлшемдерін алдын ала алып, соған сәйкес он отбасының бүлдіршіндеріне қыстық киім табыс етуді жөн көрдік. Бала қуанса, әлем қуанады емес пе? Баланың күлкісінен асқан бақыт жоқ. Бұл іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерді шаттыққа бөлеу. Пробация қызметкерлері көпбалалы және толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды өз қамқорлығына алып, тұрақты қолдау көрсетіп отырады. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Сәмбетова.

Өзгелердің жаңалығы